Қарабах шейіттерінің ұрпақтарына арнайы стипендия беріледі

Өтініш беру және мәлімет алу үшін "www.turkiyeburslari.gov.tr"  адресіне қараңыз.

1578946
Қарабах шейіттерінің ұрпақтарына арнайы стипендия беріледі

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Әзербайжандағы Қарабах соғысында шейіт болғандардың балалары үшін Түркия стипендиялары аясында арнайы квота бөлді.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде:

"Бауырлас Әзербайжанның Қарабах жеңісінде шейіт болған батырларымыздың ұрпақтарына биыл Түркия стипендиялары аясында арнайы квота бөлеміз. Түркия барлық салада болғанындай білім беру саласында да бауырластарымыздың қасында болады" деп көрсетті.

Шетелдік студенттерге бағытталған Түркия стипендияларына өтініш беру 20 ақпанға дейін жалғасады. 

Өтініш беру және мәлімет алу үшін "www.turkiyeburslari.gov.tr"  адресіне қараңыз. 



Ұқсас жаңалықтар