Қазақстан-Өзбекстан шекарасында сауда орталығы салынады

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында салынуы жоспарланған "Орталық Азия" халықаралық сауда орталығы үшін  жұмыстар басталды.

1575860
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында сауда орталығы салынады

Қазақстан премьер-министрі Аскар Маминнің басшылығында жиналған Министрлер Кеңесінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстанмен шекаралас аймақта салынуы жоспарланған сауда орталығына байланысты жұмыстар жөнінде мәлімдеме жасады. 

Бақыт Сұлтанов "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын іске асыру мақсатында өзбек тарапымен оның орналасатын жері келісілді. Біз жер телімін бөліп, инвестормен келіссөздер жүргізудеміз" деді. 

«Жалпы, бұл орталық Өзбекстанмен шекаралық сауданы «ағарту» және сауда инфрақұрылымын құру арқылы екі елдің арасындағы өзара сауда көлемін 10 миллиард АҚШ долларға дейін ұлғайтуға ықпал етеді»- деді Бақыт Сұлтанов. 

 



Ұқсас жаңалықтар