Әлиев Губадлыға барды

Әзербайжан президенті Армения оккупациясынан құтқарылған Губадлы қаласына барды.

1550908
Әлиев Губадлыға барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 44 күн жалғасқан соғыста Армения оккупациясынан құтқарылған Губадлы қаласына барды.

Осы сапардың көріністерін Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиева әлеуметтік желідегі есебінен жариялады. Көріністерде президент Әлиевтің көлікті өзі айдағаны көрінеді.

Ильхам Әлиев көріністерде жол бойында қираған елді мекендерді көрсетіп, осы ауылдарды Армения күштерінің қиратқанын айтты. «Екінші дүниежүзілік соғыста фашистер де осындай зұлымдық жасамаған» деді ол.
Әлиев: «Қараңыз, біз қандай жаумен соғыстық. Аймағымызды, Кавказды фашистерден құтқардық.  Осы ауылдардың барлығын қайта саламыз. Жау осы істегендері үшін есеп береді.  Жау біздің тарихи және діни мекендерімізді қиратты.  Әлем осыларды көру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар