Бір айдан бері бітім бұзылған жоқ

Президент Әлиев БҰҰ саммитінде сөз сөйледі.

1539471
Бір айдан бері бітім бұзылған жоқ

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабахта шамамен бір айдан бері бітімнің бұзылмағанын білдірді. «Түркия мен Ресей Бітімді бақылау орталығы арқылы бітімнің жалғасуында маңызды рол ойнап отыр» деді ол.

БҰҰ-ның Ковид-19 саммитіне видео конференция арқылы қатысқан Әлиев БҰҰ Бас хатшысының коронавирус эпидемиясы кезінде жаһандық бітім шақыруына Әзербайжан ретінде қолдау беретіндерін айтты. Ал осы шақыруды Әзербайжан жерін отыз жыл басып алған Арменияның елемегенін атап көрсетті.

Әлиев Ереван әкімшілігінің соңғы екі жылда келіссөз процесін қасақа бұзғанын атап көрсетіп,  Арменияның 27 қыркүйек күні Әзербайжанға қарсы ауқымды әскери арандатушылық бастағанын тілге тиек етті.

Армения армиясының 44 бойы Әзербайжанның бейбіт елді мекендеріне шабуылдағанын еске салған президент 94 адамның қайтыс болғанын, 400-ден астам бейбіт тұрғынның жарақат алғанын білдірді.

«Шамамен бір айдан бері бітім бұзылмай келеді. Түркия мен Ресей Бітімді бақылау орталығы арқылы бітімнің жалғасуына маңызды үлес қосып отыр. Осылайша Таулы Қарабах проблемасы әскери және саяси әдістермен шешілді. Халықаралық құқықты елемегендіктен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюцияларын күш қолдану арқылы орындауға мәжбүр болдық.  Нәтижеде шабуылдаушы ел келісімге келді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар