Назарбаев батыс елдерін сынға алды

Елбасы Назарбаев партиясының XX съезін қорытындылады.

1534258
Назарбаев батыс елдерін сынға алды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев батыс елдерін сынға алды.

Биліктегі "Nur Otan" партиясының басшылығын атқарған Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Назарбаев коронавирус індетіне байланысты онлайн өткізілген партиясының XX съезін қорытындылады. Қазақстан демократиясын сынға алғандарға наразылық білдірген елбасы: «Америка Құрама Штаттарында 3 қараша күні болған президенттік сайлауда Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына рұқсат берілмеді. Демократтар республикашыл бақылаушыларды қабылдамады. Бізді сынайды, бірақ өздерінде неге наразылықтар жалғасуда?» деді.

Назарбаев Беларусьтегі оқиғаларға тоқталып: «Бір ай бойы Беларусьті бастырып келді,  бірақ дәл сондай жағдай Болгарияда да болып жатыр.  Бірақ ешкім елемейді. Бұл жерде қос стандарт бар» деді.

Қазақстанның нарық экономикасындағы, демократияға үлес қосқан еркін ел екенін атап көрсеткен елбасы: «Алайда барлық нәрсенің өз уақыты бар.  Біз үшін демократия жолдың соңы емес, бастауы» деді.



Ұқсас жаңалықтар