Ирак түріктерінен Әзербайжанға құттықтау

"Әрі майданда, әрі үстелде жеңіске жетіп,  Әзербайжанның өз жерін азат етуі- тарихи жеңіс» деді Салихи.

1532557
Ирак түріктерінен Әзербайжанға құттықтау

Ирак Түрікмен майданы төрағасы Ершат Салихи Әзербайжанның Қарабах жеңісі мен артынан Армениямен келісімге орай құттықтады. Салихи жазбаша хабарлама жариялап,  шамамен отыз жылдан бері Арменияның басқыншылығында жатқан Таулы Қарабах аймағын азат ету мақсатымен қаһарман Әзербайжан Қарулы күштерінің тарихи табысына куә болғандарын білдірді.

«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев басшылығында ықпалды жүргізілген саяси және дипломатиялық келіссөздердің нәтижесінде Армения берілді. Әрі майданда, әрі үстелде жеңіске жетіп,  Әзербайжанның өз жерін азат етуі- тарихи жеңіс» деді ол.

Салихи келісімнің бүкіл аймаққа және Кавказға бейбітшілік пен тыныштық әкелуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар