Әзербайжан армиясының операциялары жалғасуда

Майданда операциялар жалғасуда, жағдай Әзербайжан армиясының бақылауында.

1524212
Әзербайжан армиясының операциялары жалғасуда

Әзербайжан армиясы майданның түрлі бағыттарында түні бойы шабуылдаған Армения жасақтарын тойтарды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың Агдере,  Агдам, Хожавенд және Губадлы маңында шоғырланғанын білдірді.

Соңғы 24 сағатта ауыр соққы алған Армения күштерінің майданда кей жерлерде кері шегінгені хабарланды.  Әзербайжан армиясы Арменияның бір танкы, бір гаубицасы,  бір зеңбірек кешені мен оқ-дәрі тиелген көлігін жойып жіберді.

Майданда операциялар жалғасуда, жағдай Әзербайжан армиясының бақылауында.



Ұқсас жаңалықтар