Армения "бейбіт халықты нысанаға алмау келісімін" бұзуда

Хикмет Хаджиев тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1519416
Армения "бейбіт халықты нысанаға алмау келісімін" бұзуда

Армения кеше Женевада қамтамасыз етілген «бейбіт халықты және әскери емес жерлерді нысанаға алмау» келісімін бұзғанын және Әзербайжанның бейбіт аймақтарына снаряд және зымырандармен шабуылдады.

Әзербайжан президенті кеңесшісі Хикмет Хаджиев Армения армиясының Тертер, Ағдам, Горанбой және Ағджабеди қалаларына гаубица және шабуылы жасағанын атап көрсетті.

Хаджиев бүгін сағат 06.00-дан 12.00-ге дейін 4 қаланың 32 бейбіт аймағына Армения армиясы тарапынан 300-ден астам оқ-дәрі атылғанын атап көрсетті.

Армения және Әзербайжан Сыртқы істер министрі кеше Швейцарияның Женева қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобы тең төрағасының қатысуымен бас қосқан болатын.

ЕҚЫҰ Минск тобы екі елдің «Бейбіт халқы немесе әскери емес аймақтарды нысанаға алмау» тақырыбында келіскенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар