Әзербайжан түні бойы армяндардың шабуылдарын тойтарды

Арменияның көптеген қару-жарағы жойылды.

1518481
Әзербайжан түні бойы армяндардың шабуылдарын тойтарды

Әзербайжан армиясы бітім жарияланғанына қарамастан майданның түрлі бағыттарында түні бойы Әзербайжан әскерлеріне және елді мекендерге оқ атқан Армения жасақтарын шығынға ұшыратуын жалғастыруда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың көбіне майданның Агдере, Хожавенд және Губадлы бағыттарында жалғасқанын білдірді.

Армения армиясының шабуылдарының тойтарылғаны және кеше күні бойы және түні бойы армяндардың екі дана Su-25 ұшағы, үш дана  T-72 танкы, бір сауытты әскер көлігі, екі дана «Смерч» және бір дана «Град» зымыран кешені,  он түрлі зеңбірек, екі «Гвоздика» гаубицасы, бір дана радар жихазы және төрт автокөлік жойылғаны хабарланды. Көптеген әскери қызметкер залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар