Армяндар бітімді бұзуын тоқтатпады

Әзербайжан әскерлері мен елді мекендерге оқ жаудырды.

1516549
Армяндар бітімді бұзуын тоқтатпады

Армения армиясы бітімге қарамастан майданның түрлі бағыттарында Әзербайжан әскерлері мен елді мекендерге оқ жаудырды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда, атыстар көбіне майданның Хожавенд, Фузули және Губадлы бағыттарында шоғырланған. Әзербайжан әскерлері Армения армиясының шабуыл бастамаларының алдын алды, шығынға ұшыраған армян әскерлері тойтарылды.

Армения армиясының 18- ші моторизацияланған жаяу әскер батальонының алғы бекеті жойылды. Қаза тапқан әскерлер арасында батальонның басшысы бар екені білдірілді.

Майданның түрлі бағыттарында Армения армиясының бір T-72 танкы, төрт D-30 және үш D-20 гаубицасы, бір дана Osa ұшақсоғары, бір Град зымыран кешені,  бір радар стансасы мен алты көлігінің жойылғаны,  көптеген әскери қызметкердің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Майдандағы жағдайды Әзербайжан армиясы бақылауында ұстап тұр.



Ұқсас жаңалықтар