Әлиев халқына үн қатты

Ол Арменияның бітімді бұзғанын білдірді.

1515981
Әлиев халқына үн қатты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның бітімді бұзғанын білдірді.

Әлиев ұлтқа арналған жолдауында елінің тұтқындар мен жаназалардың алмастырылуы үшін бітімге келіскенін,  алайда Арменияның бұны бірнеше минуттан кейін бұзғанын айтты.

Әзербайжан президенті Әлиев: «Бітім сұрағандар Арменияға қару жолдап отыр. Тізімі менде бар.  Бітім қалайтындар неге қару жолдайды?» деді.

«Арменияны қолдаушыларға айтамын: Құтқарғыңыз келсе,  Армения мемлекетіне айтыңдар: елімізден кетсін.  Сіздің бір сөзіңізге қарап отыр» деді ол.

Әлиев жолдауында айырықша қазірге дейін Арменияның 252 таны мен алты дана S-300 зымыран кешенін жойғандарын білдірді.

Америка Құрама Штаттары Әзербайжан және Армениямен келіскенін жариялаған бітім таңғы сағат 08.00-те іске қосылған болатын. Армения армиясы сағат 08.05-те бітімді бұзып, басқыншылық астындағы Лачын қаласының Сефиан ауылындағы Әзербайжан жасақтарына шабуылдады.



Ұқсас жаңалықтар