Арменияның әскери көліктері көрсетілді

Әскери көліктер Армения жаулап алған Суговушанға қарасты Талиш ауылынан қолға түсірілді.

1513391
Арменияның әскери көліктері көрсетілді
ermeni askeri araclar.jpg
ermeni asker.jpg
ermeni.jpg

Әзербайжан армиясы тарапынан қолға түсірілген Арменияға қарасты әскери көліктердің бір бөлегі көрсетілді.

Армения армиясына қарасты Ресейде жасалған қызметші және жүк тасымалдайтын көліктер Әзербайжанның Иевлах қаласындағы бір әскери базаға апарылды. 

Әскери көліктер Армения жаулап алған Суговушанға қарасты Талиш ауылынан қолға түсірілді.

Армения армиясының операция кезінде көптеген көлік пен қару-жарақты тастап кеткенін білдірген лауазымдылар базаға апарылған көліктердің қолға түсірілген материалдардың бір бөлегі екенін хабарлады.

Операция кезінде қолға түскен көліктердің ішінен Армения әскерлеріне тән құжаттар, киім, сурет және жекеменшік материалдар табылды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 3 қазанда 1994 жылдан бері Армения жаулап жатқан Суговушан аймағының азат етілгенін жариялады.    



Ұқсас жаңалықтар