"Армения сабында террористтер соғысуда"

Әзербайжан Армения армиясы сабында террористтердің соғысқанын жариялады.

1513009
"Армения сабында террористтер соғысуда"

Әзербайжан Таяу Шығыстың әртүрлі елдерінен террористердің Армения армиясына қосылып, соғысқаны туралы қолдарында дәлелдері бар екенін жариялады.

Әзербайжанның Жапониядағы өкілетті елшісі Гүрсел Исмаилзаде Жапония Шетелдік журналисттер орталығында журналист Ылгын Йорулмаздың жүргізушілігінде ұйымдастырылған панелде Таулы Қарабахтағы қақтығыстардың соңғы жағдайы жайлы мәлімдеме жасады.

Таулы Қарабах мәселесіне қатысты тарихи кезеңді түсіндірген Исмаилзаде Армения премьер-министрі Никол Пашинянның өткен жылы Таулы Қарабахқа сапарының артынан Ереванның әскери саясаттарда агрессивті болып жатқанын айтты.

Пашинянның сапар кезінде аймақты Арменияға қосу туралы шақыруы тастағанын, кейін Ереван әкімшілігінің Таулы Қарабах мәселесіне қатысты жаңа топырақтар үшін жаңа бір соғыс басталатыны жөнінде белгі бергенін мәлімдеген Исмаилзаде бұл ұстанымдармен келіссөздерге қауіп төнгенін тілге тиек етті.

Армения армиясының халықаралық құқықты бұзғанын атап көрсеткен Исмаилзаде «Таяу Шығыстың әртүрлі елдерінен террористердің Армения армиясына қосылып, соғысқаны туралы дәлелдер бар. Көптеген ливандық, сириялық және кейбір террористердің Армения әскерінің сабына қосылып, Әзербайжанға қарсы соғысқаны жайлы дәлелдеріміз бар» деді.

Түркияның Жапониядағы өкілетті елшісі Хасан Мурат Мержан болса Түркия мен Әзербайжан арасында терең ынтымақтастық бар екенін тілге тиек етіп, «Түркия саяси және ақлақтық тұрғыдан Әзербайжанға қолдау беруде. Түркия әскери қақтығыстардың ешқашан бір бөлігі болмайды. Қақтығыстар аймақтық тыныштыққа қауіп төндіруде. Бұл мәселенің халықаралық заңдар тұрғысынан шешімі мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар