СКТР-дағы президенттік сайлауда Эрсин Татар жеңіске жетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Эрсин Татар дауыстардың 51,74 пайызын жинап, президент сайланды.

1511381
СКТР-дағы президенттік сайлауда Эрсин Татар жеңіске жетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) болып өткен президенттік сайлаудың екінші турында бейресми қорытындыға қарағанда премьер-министр және Ұлттық Бірлік партиясының үміткері Эрсин Татар дауыстардың 51,74 пайызын жинап, президент сайланды.

Жоғары сайлау кеңесі сайлаудың екінші турында Татардың сайлау жарысында жеңіске жеткенін жариялады.

Эрсин Татардың 51,74 пайыз дауыс жинағанын жариялаған Жоғары сайлау кеңесі қазіргі президент және тәуелсіз үміткер Мұстафа Акынджының болса 48,26 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеді.

Кипр Түрік халқы 1974 жылдан бері 10-шы рет президенттік сайлау үшін сандыққа барды.

Саясатқа 2003 жылы кірген Татар өткен жылы мамыр айында құрылған Ұлттық Бірлік партиясының коалиция үкіметінде премьер-министрлік міндетін атқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар