Франция президенті Ильхам Әлиевке телефон шалды

Басшылар әңгіме барысында Армения-Әзербайжан майдан желісіндегі қақтығысты қолға алды.

1498688
Франция президенті Ильхам Әлиевке телефон шалды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Франция президенті Эммануэль Макрон телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында Армения-Әзербайжан майдан желісіндегі қақтығыстар қолға алынды.

Әзербайжан президенттік аппаратының мәлімдемесіне қарағанда Әлиевке телефон шалған Макрон Армения-Әзербайжан майдан желісінде шыққан қақтығыстарға алаңдағанын, мәселенің келіссөздермен шешілу керектігін атап көрсетті.

Әлиев болса Армения әкімшілігінің келіссөз кезеңін саналы түрде бұзғанын, Никол Пашинянның «Таулы Қарабах Армения жері» деген мәлімдемесінің кезеңге зиян келтіргенін атап көрсетті.

Армения армиясының 27 қыркүйек күні Әзербайжан бекіністері мен бейбіт аймақтарын ауыр артиллерия шабуылы жасағанын, шабуыл да бейбіт адам мен әскердің өлгенін білдірген Әлиев Әзербайжан армиясының болса осыған қарсы шабуыл шешімі қабылдағанына назар аударды.

Әлиев барлық қақтығыстарға Армения әкімшілігінің жауапты екенін атап көрсетті. Әңгіме барысында Әлиев пен Макрон дипломатиялық байланысты жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар