Мирзиеев өзбек тілінде сөз сөйледі

Шавкат Мирзиеев БҰҰ 75-ші Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.

1496315
Мирзиеев өзбек тілінде сөз сөйледі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев БҰҰ Бас Ассамблеясында өзбекше сөйлеп: «Бүгін елімізде демократиялық бетбұрыстар бас тартылмайтын жағдайға келді» деді.

Шавкат Мирзиеев БҰҰ 75-ші Бас Ассамблеясында видео үндеу арқылы орыс тілінің орнына өзбек тілінде сөйледі.

Өзбекстанның тәуелсіздігінен бері бір президентретінде БҰҰ Бас Ассамблеясында орыс тілінің орнына бірінші рет өзбекшені қолданған Мирзиеев баяндамасында коронавирус эпидеиясының адам баласының әртүрлі жаһандық қауіпке қарсы қорғансыз екенін көрсеткенін, жүйелі диаолог, сенім және жақын ынтымақтастықтың маңызын ашып көрсеткенін айтты.  Мирзиеев осы шеңберде ынталардың бірлестірілуі,  жауапкершіліктердің нығайтылуы, халықаралық серіктестіктердің жетілдірілуі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәртебесі мен әлеуетін арттыру,  өкілеттіктерін кеңейту керектігін атап көрсетті.

Мирзиеев осы шеңберде БҰҰ қамқорлығымен эпидемия кезінде мемлекеттердің ерікті уәделеріне байланысты бір заң дайындалуы және осы құжаттың әрбір мемлекеттік азаматтарына және халықаралық серіктеріне деген жауапкершіліктерін көрсетуі керектігін айтты.

Үш жыл бұрын өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясында Өзбекстанның тамырлы реформалар жүргізу тақырыбындағы табандылығын тілге тиек еткенін еске салған Шавкат Мирзиеев: «Саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер аясында жүргізілген ауқымды реформалар нәтижесінде жаңа бір Өзбекстан қалыптастып келеді. Бүгін елімізде демократиялар бетбұрыстар ажырамайтын жағдайға келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар