Қазақстан Байқоңырдағы жерді қайтарып алады

Қазақстан 11,6 мың гектар аумақты қайтарып алады.

1329720
Қазақстан Байқоңырдағы жерді қайтарып алады

Қазақстан Ресейге жалға берілген Байқоңыр ғарыш кешенінен 11,6 мың гектар аумағын қайтарып алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны хабарланды.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров қайтарылатын жер учаскелеріне республикалық маңызы бар нысандар салынатынын білдірген болатын.

Сапаров жердің қайтарып алынуының базаның жылдық жалға алу сомасына әсер етпейтінін айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар