Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі тойлануда

Орталық Азияның тез қарқында дамыған елі және әлемнің 30 дамыған ел қатарына кіруді көздеген Қазақстан тәуелсіздігінің 28 жылдығын тойлауда.

1324084
Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі тойлануда

Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі тойлануда.

Орталық Азияның тез қарқында дамыған елі және әлемнің 30 дамыған ел қатарына кіруді көздеген Қазақстан тәуелсіздігінің 28 жылдығын тойлауда.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы--Тәуелсіздік күні 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі 16 желтоқсан күні жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш рет мойындаған ел Түркия болды.

Тәуелсіздік арқасында Қазақстан егемен ел ретінде өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті--Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 1997 жылы жарияланған жаңа елордасы Нұр-Сұлтан мемлекеттің тәуелсіз бір ел болуында үлкен рөл ойнады.

Жасалған реформалардың арқасында мемлекеттің таза ұлттық кірісі 28 жылда 16 есе өсіп, 180 миллиард долларға ұласты.

Қазақстан 1991 жылдан осы таңға дейін экономикаға тартқан 330 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестиция арқылы Орталық Азияның ең көп инвестиция салынған елі болды.

Қазақстанда 2 мыңға тарта түрік капиталды фирма жұмыс істеуде.

 



Ұқсас жаңалықтар