Тегеран-Ташкент арасындағы рейстер қайта басталды

Өзбекстан мен Иран арасындағы ұшақ рейстері үш жылдан кейін қайта басталды.

1320920
Тегеран-Ташкент арасындағы рейстер қайта басталды

Өзбекстан мен Иран арасындағы ұшақ рейстері үш жылдан кейін қайта басталды.

Өзбекстан Қатынас министрлігі Иранның Загрос авиакомпаниясының бүгін Тегеран-Ташкент рейсін бастағанын хабарлады.

Ташкент әуежайында 3 жылдан кейін игерілген рейстің жолаушыларын рәсіммен қарсы алды.

Тегеран –Ташкент рейстері аптасына бір рет болады. Кейіннен аптасына екі рейс жүргізілетін болады.

Министрліктің хабарламасында «Өзбекстан мен Иран арасындағы ұшақ рейстерінің қайта басталуы екі ел арасындағы сауда,  экономикалық,  мәдени-гуманитарлық және туризм саласындағы қатынастардың дамуына үлес қосады» деп айтылды.

Екі елдің бас қалалары арасындағы рейстер 2016 жылы тоқтап қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар