Әзірбайжанда мерзімінен бұрын сайлау болады

Президент Әлиев парламентті таратуға шешім берді.

1318412
Әзірбайжанда мерзімінен бұрын сайлау болады

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Әзірбайжан парламентін таратуға шешім берді.

Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда,  Әлиев мерзімінен бұрын сайлаудың 2020 жылдың 9 ақпан күнінде өткізілуіне шешім берді.

Әзірбайжанда биліктегі Жаңа Әзірбайжан партиясының талабымен парламенттің таратылуы және мерзімінен бұрын сайлау өткізілуіне байланысты өтініш берілген болатын.

Әлиев өтінішті Атазаң сотына жіберіп,  сот та парламенттің таратылуының Атазаңға сәйкес екенін білдірген еді.

Әзірбайжанда парламенттік сайлау 2015 жылдың 1 қараша күні өткізіліп, Ильхам Әлиев басқарған Жаңа Әзірбайжан партиясы жеңіп шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар