Әзірбайжан Түркияға толық қолдау береді

Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов Түркияның террорге қарсы күресіне толық қолдау беретіндерін білдірді.

Әзірбайжан Түркияға толық қолдау береді

Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов Түркияның террорге қарсы жүргізген күресіне толық қолдау беретіндерін білдірді.

Закир Хасанов12-ші Әзірбайжан-Түркия Жоғары дәрежелі Әскери диалог жиналысына қатысу мақсатымен Бакуге барған Бас Штаб екінші төрағасы генерал-лейтенант Метин Гүрак төрағалығындағы делегацияны қабылдады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Хасанов кездесуде елінің қорғаныс күшін арттыру үшін Түркиямен әскери ынтымақтастығын кеңейткенін, мұның аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рол атқарғанын айтқан. 

Террормен күресте шәйіт болған түрік әскерлерінің жанұяларына көңіл айтқан Хасанов ұшқарылықпен күрескен ел ретінде "Әзірбайжанның Түркияға толық қолдау беретінін" білдірді. 

Аймақтағы соңғы дамулар да қолға алынған кездесуде Грузия, Пәкістан және Түркі тілдес елдердің  қатысуымен ортақ әскери жаттығулар жасалуы және тәжірибелерді бөлісу тақырыптарында көзқарас алмастырылды.



Ұқсас жаңалықтар