Әзірбайжанда жаңа премьер-министр

Экономикаға жауапты президенттің орынбасары Али Асадов премьер-министр болды.

1283991
Әзірбайжанда жаңа премьер-министр

Әзірбайжанда Экономикаға жауапты президенттің орынбасары Али Асадов премьер-министр болды.

Әзірбайжан Ұлттық мәжілісі елдің жаңа премьер-министрін анықтау үшін жиналды.

Мәжіліс төрағасы Октай Асадов премьер-министр Новруз Меммедовтың президент Ильхам Әлиевке отставкасын бергенін білдірді.

Асадов Меммедовтың отставкасының қабылданғанын,  президент Әлиевтің премьер-министрлік міндетіне Али Асадовты ұсынғанын хабарлады.  Али Асадов Әзірбайжанның жаңа премьер-министрі болып сайланды. Ол дауысқа салудан кейін алғыс білдірді.

Нахчыванда 1956 жылы туған, Мәскеу Халық экономикасы институтын 1978 жылы бітірген Асадов Кеңес Одағы кезінде Әзірбайжан Ғылымдар академиясында қызмет атқарды.  Тәуелсіздіктен кейін 1995 жылы депутат болып сайланған Асадов 1998 жылы Экономикаға жауапты президент орынбасары ретінде тағайындалды.

Асадов 2012 жылдан бері сонымен бірге Президенттік бас хатшы орынбасарлығы міндетін де атқарып келді.



Ұқсас жаңалықтар