Еуроодақ пен Орталық Азия Сыртқы істер министрлері Бішкекте бас қосты

Еуроодақ – Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлері 15-ші жиналысы Қырғызстанның Бішкек қаласында болып өтті.

1232265
Еуроодақ пен Орталық Азия Сыртқы істер министрлері Бішкекте бас қосты

Жиналысқа Еуроодақ Сыртқы істер министрлері және Қауіпсіздік саясаты Жоғары өкілі Федерика Могарини, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Өзбекістан Сыртқы істер министрі Абдүлазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Муриддин және Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджыев қатысты.

Жиналыстың артынан Айдарбеков пен Могарини ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды. Айдарбеков жиналыста Еуроодақтың жаңа Орталық Азия стратегиясының танытылғанын білдірді.

  Орталық Азия елдері және Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты одан да жетілдіруге бағытталған тұрақтылыққа назар аударылды.

Могерини болса «Орталық азия елдерінің мықты болғанын қалаймыз» деді. Еуроодақтың Орталық Азия елдеріне қолдауының жалғасатынын тілге тиек етті.

Могерини Қырғызстанда оқу саласында 30 миллион евро Тәжікстанда экономиканың жетілуі үшін 14 миллион евро және сондай-ақ Арал көлінің қайтадан жандануы үшін материалды қолдау жасайтындарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар