Өзбекстанда «Ортақтық Қалқаны – 2019» жаттығуы басталды

Өзбекстан, Түркия және Пәкістан қарулы күштері арасында «Ортақтық Қалқаны – 2019» жаттығуы Өзбекстанда басталды.

1188490
Өзбекстанда «Ортақтық Қалқаны – 2019» жаттығуы басталды

Өзбекстан, Түркия және Пәкістан қарулы күштері арасында «Ортақтық Қалқаны – 2019» әскери жаттығуы Өзбекстанда басталды.

Джиззах уәлаятындағы Форыш полигонында үш ел қарулы күштері қатысқан «Орталық Қалқаны-2019» ортақ әскери жаттығуының ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі және Бас штаб басқармасы лауазымдылары, Түркияның Ташкент Өкілетті елшілігі Әскери атташесі полковник Мұстафа Балоғлу, Пәкістанның Ташкент Өкілетті елшілігі Әскери атташесі Имран Арифке қоса жаттығуға кейбір елдердің қарулы күштері мүшелері қатысқан рәсімде 3 ел ұлттық әнұрандары орындалып, байрақтары тігілді.

Ашылу рәсімінде қатысушыларға түрік және урду тілінде үн қатқан Өзбекстан бас штаб төраға орынбасары Шухрат Икрамов, түрік әскерлерін атажұртта қарсы алғандары үшін қуанышты екендерін атап, ортақ жаттығудың 3 ел арасында жетілген әскери ынтымақтастықтың көрсеткіші болғанын мәлімдеді.

Икрамов соңғы жылдары Өзбекстанның әртүрлі елдермен әскери салада ынтымақтастық жетілдіргеніне назар аударды.

Балоғлу болса Түркияның қазіргі таңда PKK, ДАИШ және FETÖ террор ұйымдарымен бірдей күрескен ел екенін, террормен күресте үлкен тәжірибеге ие Түрік қарулы күштерінің тілі, діні және мәдениеті бір бауырлас Өзбекстан армиясы мен тағы үлкен тәжірибесі бар бауырлас Пәкістан қарулы күштерімен алғаш рет үштік ортақ әскери жаттығу ұйымдастырғанын білдірді.

Балоғлу аталмыш жаттығудың елдер арасында ынтымақтастықты тереңдетуге үлес қосатынына назар аударды.

Ашылу рәсімі аясында 3 ел әскерлерінің рәсім шеруі ұйымдастырылды.

26 сәуір күні аяқталатын ортақ жаттығуға Түркия арнайы жасақтар қолбасшылығында міндет атқарған 15 түрік әскері мен офицерлері қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар