Тоқаевтың алғашқы сапары- Ресейге

Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары 3 сәуір күні жүзеге асады.

1172425
Тоқаевтың алғашқы сапары- Ресейге

Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге алғашқы сапарын Ресейге ұйымдастырады.

Ақорданың хабарламасына қарағанда,  Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары 3 сәуір күні жүзеге асады.

Сапар шеңберінде Тоқаев РФ президенті Владимир Путинмен екі ел арасындағы саяси,  сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық тақырыптарын қолға алады. Айырықша қазіргі халықаралық және аймақтық тақырыптарда да көзқарас алмасылады.

Екі жақты келісімдерге де қол қойылатын сапар үшін ұсыныс Ресей президентінен келген.

Гюзал Заитова

TRT Қазақстан өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар