Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды.

1150234
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Қазақстан үкіметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың талабы бойынша отставкаға кетті.

Президент  Назарбаевтың экономиканың көптеген салада болымды табыстарға қол жеткізбегені себепті үкіметтің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басшылығындағы үкімет отставкаға кету өтінішін Президентке ұсынды.

Назарбаев осы тақырыпқа байланысты бір мәлімдеме жасап, мемлекет үшін маңызды бір шешім қабылдағанын, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың өткен жылдарда  тұрақты болғанын, алайда бұның қазіргі уақыттың талабына сай емес екенін айтты.

Назарбаев жаңа үкіметтің халықтың тұрмыс деңгейін арттыруы, экономиканы дамытуы, стратегиялық нысаналардың атқарылуымен байланысты ықпалды қадамдар басуы керектігін білдірді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді.

 



Ұқсас жаңалықтар