Анкарада Маржан Ершудың шығармашылық кеші болып өтті

Түріксой ұйымы ақын, драматург, аудармашы Маржан Ершудың шығармаларын Анкарадағы әдебиет сүйер қауымға таныстырды.

1144749
Анкарада Маржан Ершудың шығармашылық кеші болып өтті
Türksoy_etkinlik01.JPG
Türksoy_etkinlik02.JPG
Türksoy_etkinlik03.JPG
Türksoy_etkinlik04.JPG
Türksoy_etkinlik05.JPG

Түріксой ұйымы ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Маржан Ершудың Аманқосқызының шығармаларын Анкарадағы әдебиет сүйер қауымға таныстырды.

Түріксойдың бас ғимаратында ұйымдастырылған «Қазақ әдебиеті және аударма мәселелері акын-жазушы Маржан Ершумен бірге» тақырыпты шараға Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу, түрік әдебиетінің белгілі ақын мен жазушыларына қоса журналисттер және жастар қатысты.

Кеште Маржан Ершудың қазақтың тұңғыш әйел күйшісі, композитор Дина Нұрпейісова туралы «Дина-Dina (Қазақша-түрікше кітап)», «Қожанасыр жырлайды» (аударма Махмут Каядан), «Сезім музейі» (Орхан Памуктан) кітаптары таныстырылды.

Жиналыстың ашылуында сөйлеген Түріксойдың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов 1977 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген жас әдебиетшінің өткен жылы Стамбулда болып өткен Түрік дүниесі жас ақындар жиналысына қатысқанын және түрік ақын, жазушыларының таңдамалы шығармаларын қазақ тіліне аударғанын баса айтты. Маржан Ершудің қазақ өлең әлеміне «Айек» деген атпен енгеніне назар аударған Дүйсен Қасейінов түрік әдебиетінің белгілі ақын және жазушыларынан Ариф Нихат Ася, Эрзурумлу Эмрах, Ашык Вейсел, Ахмет Хашим, Юсуф Зия Ортач, Сезаи Каракоч, Орхан Вели Канык, Азиз Несин, Джахит Сыткы Таранджы, Решат Нури Гүлтекин, Галип Эрдем, Орхан Памук, Махмут Кая және Якуб Өмероғлу сынды тұлғалардың өлеңдері мен шығармаларын қазақ тіліне аударғанын және екі ел арасында әдеби салада мәдени дипломатияның негізін қалағандардың бірі екенін атап көрсетті.

Қ.Р. Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы болса филология ғылымдарының кандидаты, жас аудармашы ақын және жазушы Маржан Ершудың драматургия саласында 2010 жылы Д.Нұрпейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жазғанын, Махамбет Өтемісұлы жөнінде «Исатай-Махамбет» атты тарихи драманың, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты мюзиклдің де авторы екеніне назар аударды. Елшілік ретінде әрқашан мәдени дипломатия саласына кеңінен қолдау бергендерін атап көрсеткен өкілетті елші Абзал Сапарбекұлы Түркия мен Қазақстан арасында әдебиет саласында белсенді жұмыстанған ақын және жазушы Маржан Ершудың Аманқосқызына алғысын білдірді.

Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу да Маржан Ершудың Стамбулдағы жас ақындардың жиналысына қатысқан және еліне оралған соң екі ел арасындағы әдеби байланысты үзбей жалғастырған санаулы әдебиетшілердің бірі екенін және «Кардеш Калемлер» атты түрік дүниесіне ортақ әдебиет журналының үздік авторларының бірі екенін баса айтты.

Бағдарламаның соңында кітаптарын таныстырған Маржан Ершудың Қожанасыр, Саит Сытқы Таранджы, Ашык Вейсел Шатыроғлуның таңдамалы өлеңдерін оқып, түрік өлеңдерінің әдеби сипаттамасын жасады. Алдағы уақытта Кавказда өмір сүретін түркітілдес халықтардың танымал ақын мен жазушыларын қазақ тіліне аударуды жоспарлағанын тілге тиек еткен Маржан Ершудың ноғай ақыны Кадрия Темірболатова жөнінде Түріксой жобасына қатысып, Кадрияны қазақ еліне кеңінен насихаттап, танытуға тапсырма алғанын атап көрсетті.

Түріксой ұйымының Молла Пенах Вагиф атындағы сыйлығын Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы қазақстандық ақын Маржан Ершуға табыс етті.

Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Ершу Маржан Аманқосқызы 1977 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты. IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. 1996 жылы – Атырау қаласының Әнұраны «Атырау қалам» әнінің сөзін жазған. Осы әннің сөзін жазғаны үшін «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атағын иеленген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі. ҚР Президенті стипендиясының иегері. Таранджы атындағы сыйлықпен марапатталған.

2010 жылы Түріксойдың ұйымдастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасаған. Түрік ақын-жазушыларын қазақша сөйлетті.

Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Фзулидің өлеңін қазақшаға аударған. Өлеңдері «Жас ақындар жырларының антологиясына» енген. «Дариға ғұмыр, жыр –жүрек» (1998); «Таңғы шық» (2000), «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жапырақ ғұмыр» (2001), «Шырақ» (2004) , «Пырақ» 2008, «Аламан» 2015, «Ерік Құрманғалиев» 2014, «Ораз би» 2014 кітаптары бар.

Драматургия саласында 2010 жылы Дина Нұрпейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жазды. 2011 жылы жазылған Махамбет Өтемісұлы туралы «Исатай-Махамбет» атты тарихи драманың, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты мюзиклдің авторы. Жаңа замандағы жаңа әдебиетке қазақы рухты шығармалар берген. Ғарышкер Т.Әубәкіровті, батыр Хиуаз бен Бауыржан Момышұлын, күйші Динаны жыр тілінде сөйлетіп, поэмаға айналдырған.



Ұқсас жаңалықтар