Назарбаев Ресей мен Украинаны келісімге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің қауіпсіздігіне тоқталды

1115845
Назарбаев Ресей мен Украинаны келісімге шақырды

Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаға өзара тікелей байланыс жасауға және келіссөзді қайталай өткізуге шақыру тастады.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті ақпаратқа жасаған 2018 жылды бағаландыру сұхбатында Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ресей және Еуропа Одағы арасында  өзара түсінісу мен сенімнің қалмағанын білдіріп, аталмыш күштердің елорта Астанада бос қосуын және кеңесуін ұсыныс еткенін айтты.

Кездесу мекені сөзсіз Астана болуы шарт емес екенін де тілге тиек еткен Назарбаев аталмыш кездесудің басқа бір жерде болуы да мүмкін екенін білдірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  сонымен бірге Керч Шығанағындағы дағдарысқа байланысты Украина мен Ресейді елдер арасындағы қарым-қатынастарда басқалардан жәрдем күтпеуге, өзара тікелей байланыс жасау арқылы тағы бір мәрте келіссөз столына отыруға шақыру тастады.

Каспий теңізінде үшінші ел әскерлерінің болатыны пайымдауларына байланысты Назарбаев Каспийдің құқық мәртебесін  белгілеу тақырыбында 20 жылдан бері жұмыстанып келе жатқандарын дәріптеп, биыл Ақтауда ұйымдастырылған "Каспий теңізі жағасындағы елдер саммитінде" қол қойылған келісімді ескертті.

Елбасы Назарбаев келісімді "тарихи оқиға" деп бағаландырды және "Каспий теңізі жағасындағы бес ел Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иран Каспийдің ынтымақтастығы, достық және өзара түсінісу теңізі екеніне келістік. Каспийге жағасы қосылмайтын ешқайдай бір үшінші елдің әскері бұл жерге кірмейді" деп көрсетті.

Елбасы Назарбаев келісім аясында Каспийдің қауіпсіздігі тақырыбына байланысты арнайы бір хаттамаға қол қойылатынын да атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар