Түркиядан Ташкентке кітап көпірі

Ташкент Түрік мектебі акция бастады.

1115033
Түркиядан Ташкентке кітап көпірі

Өзбекстандағы Ташкент Түрік мектебі кітапхананы толықтыру мақсатымен кітап акциясын бастады.

Ташкент Түрік мектебі кітапханасын толықтыру үшін «Түркиядан Ташкентке кітап көпірі» атты жобаны таныстырды.

Шараға қатысқан Түркия Республикасының Өзбекстандағы өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Башар Шен кітапханаға кітап сыйлау арқылы жобаға қолдау көрсетті.

Шен осында сөйлеген сөзінде кітап акциясының мақсатының мектептің түрік тіліндегі жетіспейтін кітаптарын қамдау екенін айтып,  кітапханадағы кітап санын арттырғысы келетіндерін білдірді.

Елші Өзбекстандағы түрік азаматтары мен іскерлерді кітапханаға көмектесуге шақырды.  «Түркиядан Өзбекстанға келе жатып, өзіңізбен бірге бірнеше кітап ала келіңіз» деді елші.

Ташкенттегі түрік елшілігінің Білім консультанты Али Ейюпкоджа да оқушыларды кітап оқуға ынтыландыру мақсатында осындай жоба бастатқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар