Астанада V халықаралық «KADEX-2018» көрмесі басталды

V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне Түркиядан көп фирма қатысты.

977674
Астанада V халықаралық «KADEX-2018» көрмесі басталды

V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі Қазақстанның елордасы Астанада басталды.

Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан ұйымдастырылған көрменің  ашылу салтанатына Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Түркия Республикасы қорғаныс өнеркәсіп басқармасы төрағасы профессор Исмаил Демир, Түркияның Астанадағы өкілетті және төтенше елшісі Невзат Уянык және 40 елдің өкілдері мен арнайы қонақтар қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрменің беташарында баяндама жасады. «Өздеріңіз де білетіндей, біздің еліміз таяу және алыс елдермен тату көршілікті нығайтуға бағытталған бейбітсүйгіштік саясат жүргізіп келеді. Дегенмен, әлемдегі бүгінгі жағдай барлық елдерді қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлеп отыр. Біз де ҰҚШҰ аясында дәл осыны жасауға ұмтыламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Көрменің қорғаныс өнеркәсібі саласында елдері арасында әскери ынтымақтастықты дамытуда ықпалды бір платформаға айналғанына назар аударған Назарбаев «Көрме аясында жасалатын келісімдер халықаралық ынтымақтастығын, азаматтық және шетелдік ұйымдар арасындағы ортақтықты дамытады» деген сөздер қолданды.

Назарбаев Түрік Қарулы Күштері инвентаризациясына жаңа қатысқан әскери қызметкерлер мен жүк тасымалдайтын ұшағы Airbus A400M ATLAS-пен танысып мағлұмат алды.

Түркия Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы профессор Исмаил Демир көрмеде түрік қатысушылардың көп болғанын, сондай-ақ бұның түрік фирмаларының қорғаныс өнеркәсіп саласында маңызды орынды иелегенің бір дәлелі екенін айтты.

Түркияның Астанадағы өкілетті және төтенше елшісі Невзат Уянык сөз кезегінде «Қазақстан аймақтағы ең маңызды стратегиялық одақтастарымыздың бірі. Қарым-қатынастарымыз әр салада болғандай қорғаныс өнеркәсібінде де дамуда. Түркия атынан көрмеге көптеген фирма қатысуда. Бұған мақтаныш сезінудеміз» деді.

Түркия Республикасы қорғаныс өнеркәсіп басқармасы төрағасы профессор Исмаил Демир көрмесі аясында Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Демир мен Атамқұлов кездесуде екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық тақырыбын қолға алды. Сонымен қатар түрік және қазақ фирмалары арасындағы ынтымақтастық келісімдерінің қол қою рәсіміне қатысты.

Қазақстан «Kadex-2018» халықаралық қару-жарақ көрмесіне әлемнің 28 елінен келген 300-ден астам кәсіпорын жаудың көзін қас-қағым сәтте жоятын танк, ұшақ, зымыран, бронды көлік секілді техниканың сан түрін саудаға шығарған.


Этикеттер: #Қазақстан , #Астана

Ұқсас жаңалықтар