Сербия президенті Әзірбайжанда

Екі басшы Стратегиялық серіктестік іс жоспарына қол қойды.

975760
Сербия президенті Әзірбайжанда

Сербия президенті Александр Вучичтің Әзірбайжан сапары аясында екі ел арасында медицина,  әділет,  егіншілік және қатынас саласында келісімдерге қол қойылды.

Вучичті Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.  Басшылар оңаша кездескеннен кейін делегациялар бас қосты.

Әлиев осында сөйлеген сөзінде Әзірбайжан мен Сербия қарым-қатынастарының жақсы даму барысында екенін,  екі елдің дос және стратегиялық ортақ екенін білдірді.  Қатынастардың бұдан былай да дами түсетінін атап көрсеткен Әлиев бүгінгі кездесулердің экономикалық байланыстардың дамуына өріс беретінін айтты.

Әлиев энергетика және қатынас салаларында болашақта Сербиямен белсенді серіктестік атқарылатынын атап айтты.

Вучич те Әлиевті қайта сайлануымен және Әзірбайжанның 100 жылдығымен құттықтады.

«Бірге атқарылатын көп жұмыс бар деп есептеймін.  Әзірбайжанның мүддесі тұрғысынан да Сербияда атқарылатын жұмыс көп.  Біз істейтін жұмыстар да аз емес.  Экономикамыз нығайған сайын серб компаниялары Әзірбайжанға инвестиция сала алады» деді ол.

Жиналыстан кейін Әлиев пен Вучич Әзірбайжан-Сербия Стратегиялық серіктестік іс жоспарына қол қойды.

Артынан екі елдің қатысты министрлері екі ел арасында медицина,  әділет, құрлық жолы қатынасы және азаматтық авиация саласында келісімдерге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар