"Томирис" фильмінің түсірілімі басталды

Режиссер Ақан Сатаевпен сұхбат

927897
"Томирис" фильмінің түсірілімі басталды

Біздің дәуірімізден бұрынғы 6-ғасырда Каспий теңізі мен Арал теңізі арасын жайлаған сақтардың аты аңызға айналған патшайымы Томирис туралы фильмнің түсірілімі Алматыда басталды. 2018 жылдың желтоқсан айында көрсетілімге қойылады деп жоспарланған фильмнің режиссері Ақан Сатаев фильмнің ұлттық және халықаралық салада үлкен табысқа жететініне сенетінін айтты.

Қазақфильм Шәкен Айманов фильм студияларында түсірілімі басталған фильмді таныстыру шарасына TRT командасы да қатысты.

Түркілердің тарихтағы тұңғыш қолбасшысы Томиристі сомдайтын рольге Алмира Тұрсын таңдалған болатын. Ешбір актерлік тәжірибесі жоқ психолог Тұрсын екі ай шеберлік курсынан өткен.



Ұқсас жаңалықтар