Арал теңізі мәселесі талқыланды

Қызылордада «Аралдан Астанаға сәлем» атты симпозиум болып өтті.

914466
Арал теңізі мәселесі талқыланды

Қызылордада «Аралдан Астанаға сәлем» атты симпозиум болып өтті.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов Арал теңізінің экологиялық ахуалының шешілуі үшін әлемдегі барша елдердің бірлесе отырып атсалысуы керектігін айтты.

Қызылорда облысы әкімдігі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасының ұйымдастыруымен «Аралдан Астанаға сәлем» атты симпозиум болып өтті.

Айтулы шараға дүниежүзілік қаржы ұйымдары мен қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ, Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.

Симпозиумда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов сөз сөйледі. Министр сөзінде «Арал мәселесі барша әлем мәселесіне айналды. Осы орайда барлық елдердің талпыныстарын бірлестіруіміз керек» деді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев болса «Арал мәселесінен аймақта өмір сүрген 35 миллион адам болымсыз ықпал көруде және соңғы 45 жылда Арал теңізінің 4 кішірейді» деген сөздер қолданды.

Симпозиумда Арал теңізін бұрынғы қалпына келтіру және экологиялық мәселелерін жою, әлеуметтік-экономикалық көмекті арттыру мәселелері талқыланды.  



Ұқсас жаңалықтар