Тең төрағаларды Алиев қабылдады

Минск тобы тең төрағалары Әзірбайжанда болды.

905733
Тең төрағаларды Алиев қабылдады

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының тең төрағалары Таулы Қарабах проблемасының шешім процесі аясында Әзірбайжанға барды.  Тең төрағаларды президент Илхам Алиев қабылдады.

Әзірбайжан президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда,  тең төрағалар Ресейден Игорь Попов, Франциядан Стефан Висконти, Америкадан Андрью Шофер және ЕҚЫҰ арнайы өкілі Анджей Каспршик Алиевпен кездесті.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Елмар Мемедиаров та қатысқан кездесуде Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс және Таулы Қарабах проблемасының шешімі үшін жүргізілген процестің соңғы жағдайы қолға алынды.

Тең төрағалар ертең Арменияға барады.



Ұқсас жаңалықтар