Бакуде бауырластардың көрмесі

Бакуде «Түстердің бауырластығы» атты көрме ашылды.

831082
Бакуде бауырластардың көрмесі

Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде түрік және әзірбайжандық суретшілердің туындыларынан қалыптасқан «Түстердің бауырластығы» атты көрме ашылды.

Баку Юнус Эмре институты, Түркияның Әзірбайжандағы елшілігі жанындағы Мәдениет және таныстыру кеңесшілігі,  Измир Балчова муниципалитеті мен Әзірбайжан Суретшілер одағы бірігіп ұйымдастырған көрменің беташарына Әзірбайжан елінің жоғары деңгейдегі басшылары мен депутаттары, түрік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Көрмеде түрік суретшілер Бедри Караягмурлар, Махмут Дурмуш,  Рейхан Абаджыоғлу, Фаден Сузан Кудсиоғлу, Гүндоғду Уграш,  Хатидже Айдоған мен әзірбайжандық суретшілер Гүнай Мехдизаде,  Сугра Багырзаде,  Адиле Ефенди, Алескер Казымов, Руфар Асгаров, Азер Ислам, Елмар Агамирза, Мехрибан Мехдизаде және Фатима Мөвломованың картиналарын орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар