Путин Ашғабадқа барады

Ресей президенті бүгін Түрікменстанға барады.

818290
Путин Ашғабадқа барады

Мемлекеттік сапармен бүгін Түрікменстанға баратын Ресей президенті Владимир Путин мен Түрікменстан мемлекет басшысы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов кездеседі.

Кездесуде екі ел қарым-қатынастарымен бірге өңірлік және халықаралық тақырыптар да қолға алынады. Кездесуден кейін екі елдің болашақтағы ынтымақтастығына бағытталған жаңа құжаттарға қол қойылады.

Екі ел арасындағы 25 жылдық дипломатиялық үрдісте 191 құжатқа қол қойылған.

Түрікменстан мен Ресейдің экономика және сауда, энергия,  қатынас және коммуникация,  егіншілік сынды көптеген секторда ынтымақтастығы жалғасуда.  Түрікмен табиғи газының ең ірі сатып алушыларының бірі орыстың Газпром компаниясы болатын.  Алайда Газпром Экспорт 2016 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап Түрікменстаннан табиғи газ алуды тоқтатқан еді.

Екі ел арасында білім беру және мәдениет,  ғылым және технология саласында да жақын серіктестік бар. Түрікменстан тарапы қызметкерлер дайындау мақсатымен жыл сайын көптеген түрікмен студенттерді Ресейге университеттерге жолдап отыр.



Ұқсас жаңалықтар