Халықаралық «Астана ЭКСПО - 2017» энергия көрмесі ашылды

Халықаралық энергия көрмесіне араларында Түркия да бар 115 мемлекет пен 22 ұйым қатысуда.

750395
Халықаралық «Астана ЭКСПО - 2017» энергия көрмесі ашылды

Қазақстанның Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деп айдар таққан тақырыпта ұйымдастырылған жәрмеңкеде «жасыл энергия көздерімен байланысты жаңалықтар қолға алынады.

Халықаралық энергия көрмесіне араларында Түркия да бар 115 мемлекет пен 22 ұйым қатысуда.

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев меймандарды Қазақстан павильоны алдында қарсы алды. Салтанатқа 17 ел мен үкімет басшысы қатысты.

Көрме кешенінің Конгресс орталығында меймандарға үн қатқан Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев елінің ауқымды жерасты энергия резервтеріне ие екеніне қарамастан жаңартыла алатын энергияны жетілдіру үшін жұмыстанғандарына назар аударды.

Назарбаев 2030 жылына дейін Қазақстанда альтернативті жаңартыла алатын энергия резервтерінің қолданысын 30 пайызға жеткізуді нысанаға алғандарын атап көрсетті.

10 қыркүйек күніне дейін жалғасатын көрмені 5 миллионнан астам адамның аралайтыны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар