«Қазақ театрында әйел мәселесі» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті

Жемиле Кынажының «Қазақ театрында әйел мәселесі» атты кітабы жарық көрді.

739369
«Қазақ театрында әйел мәселесі» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті
Kazak_kitap_tanıtım.jpg
kitap_taınıtımı02.jpg
kitap_tanıtımı.jpg
kitap_tanıtım04.jpg

Еуразия жазушылар одағында Гази Университеті Замандас түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасының аға оқытушысы Жемиле Кынажының «Қазақ театрында әйел мәселесі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлына қоса Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу, Түріксой өкілі, жазушылар, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Аталмыш шарада сөз сөйлеген Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероғлу Еуразия жазушылар одағы жариялаған әдебиеттердің екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын дамытуға үлес қосқанын білдірді. Өмероғлу Одақ құрылған күннен бері 10 жылда қазақ әдебиеті жөнінде түрік тілінде 20-дан астам кітаптың жарық көргенін тілге тиек етті.

Қазақ әдебиеті саласында жұмыстанған Гази Университеті аға оқытушысы Жемиле Кынажының 3 кітабын жариялағандарын атап айтқан Өмероғлу «Қазір тұсауы кесіліп отырған ‘Қазақ театрында әйел мәселесі’ атты кітабында жазушы Алашордашыл жазушылардың 1920-1928 жылдарында сахнаға қойылған спектакльдарындағы «әйел ұғымын» зерттеп, жалпы әйел мәселесін ашқан» деді.

Өмероғлу «Кардеш Калемлер» әдебиет журналының соңғы нөмірінде Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне өту процесін қамтыған және болашақ үшін жол картасы болу ерекшелігіне ие мақаласының толық мәтінін жариялағандарын да атап айтты.

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы осы шараның жаңа елші ретінде тағайындалғаннан кейін Анкарада қатысқан алғашқы мәдени шара екенін атап, «Қазақ әдебиеті туындыларының түрік тілінде жарық көруінде Еуразия жазушылар одағының еңбегі зор. Екі ел ынтымақтастығын жетілдіру аясында атқарылған жұмыстар аса маңызды. Қазақ әдебиетін таныту үшін Еуразия жазушылар одағы жасаған жұмыстар Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында атап көрсеткен мәдени шараларға қатысты тақырыптарға дөп келеді. Жемиле ханымның шығармасының бұл аяда қуантатын бір жаңалық екенін айтқан жөн. Қазақстан елшілігінің есігі әрқашан ғылым мен өнер қайраткерлеріне ашық. Келешектегі барлық жұмыстарыңызда ынтымақтасуға әзірміз» деді.

Кітаптың жазушысы Жемиле Кынажы болса Қазақстан елшілігінің қолдауын әрқашан сезінгенін және осыған риза екенін айтып, өзіндегі қазақ әдебиетіне деген ықыластың докторантура кезінде басталғанын және әр бір жұмысын қазақтың біртума баласындай екі ел достығына арнағанын атап көрсетті.

Жиналыстың аяғында Қазақстан өкілетті елшісі Сапарбекұлы Қазақстан-Түркия дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай жазушыға «Достық медалін» табыс етіп, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлуна қалам сыйға тартты.



Ұқсас жаңалықтар