Қазанда халықаралық конференция

Татарстанда Халықаралық ғылыми конференция басталды.

712585
Қазанда халықаралық конференция

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда «Өзгеріп жатқан әлемдегі түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті» атты І Халықаралық ғылыми конференция басталды.

Тәуелсіз 6 түрік республикасы және Ресейге қарасты 8 республикадан барлығы 150 ғалым қатысып отырған конференцияның беташар отырысына Татарстан Мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин мен Түркияның Қазандағы бас консулы Турхан Дилмач та қатысты.

Турхан Дилмач татар тілінде сөйлеп, жиынның түркі әлемінің тарихи және ғылыми орталықтарының бірі Қазанда ұйымдастырылуының маңызына тоқталды.

Түрік, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылған конференцияға Түркиядан Кония Ербакан Университеті, Кайсери Ерджиес Университеті, Анкара Университеті, Гази Университеті, Башкент Университеті, Адыяман Университеті және Кырыккале Университетінен 15 ғалым қатысуда.

Конференцияның мақсаты түрік халықтарының әдебиет, тіл, тарих, қоғам,  мәдениет, фольклор, этнография саласындағы проблемаларының мамандардың қатысуымен қолға алу екені атап көрсетілді.

Конференция бүгін «Түрік халықтарының материалдық және рухани мәдениеті», «Дәстүрлі мәдениетті зерттеу әдістері», «Түрік халықтарының этникалық тарихы және дәстүрлі мәдениеті», «Түрік тілдерін үйренудегі проблемалар», «Этнография, этникалық музыка және фольклор» атты бес отырыста жалғын табуда.



Ұқсас жаңалықтар