Түрік әлемі қайғырып көңіл айтты

Түрік әлемінің халықаралық ұйымдарының басшылары көңіл айтты.

652943
Түрік әлемі қайғырып көңіл айтты

Манас халықаралық әуежайының маңындағы саяжайға түрік жүк ұшағы құлап, 37 адам қаза табуына орай түрік әлемінің халықаралық ұйымдарының басшылары көңіл айтты.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов «Түріксойдың құрушы елдерінің бірі Қырғызстанда болған ұшақ апатында қаза тапқандарға Алладан рақым,  жаралы азаматтарға жедел шипа тілеп,  түрік әлеміне қайғырып көңіл айтамын» деді.

Түрік Ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов хабарлама жариялап,  «Бауырлас ел Қырғызстанда болған апатқа байланысты қайғырамыз» деді.

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі де осы оқиғаға орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Қыдырәлі хабарламада бейбіт күні қара жамылған отбасыларға көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.



Ұқсас жаңалықтар