Жоспар Астанада талқыланады

Ресей министрі бітімге жақындап қалғандарын айтты.

636506
Жоспар Астанада талқыланады

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияда бітімге жақындап қалғандарын айтты.

Президент Владимир Путинмен кездескеннен кейін мәлімдеме жасаған Шойгу  Алеппода оппозицияның эвакуациясының аяқталғанын еске салып,  Сирия жерінде толығымен бітім үшін шарттардың қалыптасқанын айтты.

Орыс министр: «Операция екі сатылы түрде Түркия және Ирандағы әріптестерімізбен жақын байланысты жүргізілді. Бұдан кейін кезектегі саты келуі керек.  Бұған қарағанда Сирия жерінде толық бітімнің қамдалуы тақырыбында келісуге аз қалды» деді.

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың орынбасары Геннадий Гатилов Сирия көлемінде жүргізілетін бітім жоспарының Қазақстанның бас қаласы Астанада болатын келіссөзде талқыланатынын айтты.

Орыстың Интерфакс агенттігіне  мәлімдеме жасаған Гатилов қаңтар айының ортасында Түркия, Иран және Ресей қатысатын келіссөздің негізгі тақырыбының Сирияда ел көлемінде бітім қамдау екенін білдірді.

Сейсенбі күні Мәскеуде өткен кездесуде үш елдің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлері «Сирияда бейбітшілік орнауына үлес қосуға дайындық» деген болатын.

Сонымен қатар РФ президенті Владимир Путин өткен апта Жапониядағы сапарында Астанада болатын келіссөздің Женева келіссөзінің жалғасы іспетті болатынын айтқан еді.

Путин айырықша астанадағы жиналыста президент Ердоғанмен бірге Сирияда бейбітшіліктің жалғас табуын ұсынатындарын да білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар