Қазақ студенттер тәуелсіздікті тойлады

Измир қаласындағы студенттер мерекені атап өтті.

632647
Қазақ студенттер тәуелсіздікті тойлады

Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан қазақстанық студенттердің бастамасымен Тәуелсіздік күніне байланысты бірнеше іс-шара ұйымдастырылды.

Тәуелсіздікке арналған іс-шаралар екі күнге созылды. Алғашқы күні Эгей Университеті Түркі Дүниесін Зерттеу Институтының Конференция залында концерттік бағдарлама болды.  Беташар Желтоқсан құрбандары мен Түркиядағы соңғы жағдайларда орын алған жарылыстарда қаза тапқан құрбандардың құрметіне бір минуттық үнсіздік жариялануымен басталып, екі елдің әнұранымен жалғасты. Артынан Қазақстанның Стамбулдағы  Басконсул көмекшісі Сержан Сәрсенбаев іс-шараның өтуіне қолдау білдірген ұйымдар мен жекелеген тұлғаларға арнайы алғыс хат табыс етті.  Іс-шара барысында сөз алған консул Сержан Сәрсенбаев жиырма бес жыл бұрын егемендігіні жариялаған Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған Түркия Республикасы екенін, бауырлас ел қазақ халқы үшін мұның айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Жиырма бес жыл ішінде Түркия-Қазақстан бауырластығының нығайғанын және бірқатар салаларда ынтымақтастықтың артқанын да атап көрсетті. Қазақстанның бас қаласы Астанада 2017 жылы өтетін  EXPO көрмесін тілге тиек еткен Сәрсенбаев экономика саласында да ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.  Түркияда білім алып жатқан студенттер жайында сөз қозғап өткен консул Сәрсенбаев қазіргі таңда Халықаралық Түркі Академиясының Президенті, ел басылымы «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы қызметіндегі профессор Дархан Қыдырәлі мырзаның аталған оқу орнының түлегі екенін де мақтанышпен айтты.  

Шара барысында Қазақстандық студенттер әзірлеген ән, би, Қазақстан жайында қызықты викториналық ойындар және театралданған көрініс  көпшіліктің көңілінен  шықты. Іс-шараға келген көрермендер де бір жағынан қазақ тарихы мен мәдениетін тануға мүмкіндік алды.  Концерттік бағдарламаның соңында дайындалған мерекелік дастарханмен қатар Қазақстан мен қазақ мәдениетін таныттатын көрме келушілердің назарына ұсынылды.  
Измирде Тоғызқұмалақ және Асық ойыны
Іс-шараның екінші күнінде Измирде білім алып жатқан шетелдік студенттердің қатысуымен, қазақтың ұлттық ойындары тоғызқұмалақ пен асық ойындары және футболдан турнир өтті. Тоғызқұмалақтан Республикалық жарыстардың жеңімпазы Аяулым Жексенбаева алдына жан салмай, бірінші орынды иеленді. Ал, асық ойыны бойынша Мәрлен Әділов бірінші орын кубогын иеленді.  «Арғымақ»,  «Сұңқар», «Тұлпар» командалары арасында  өткен футбол турнирінде болса «Арғымақ» футбол құрама командасы бірінші орын алды. Турнир соңында үздік үш ойыншы мен  жеңімпаз командаларға сый-құрмет көрсетіліп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы дайындалған кубок пен медальдар табыс етілді.   



Ұқсас жаңалықтар