Ұлттық жандану күні

17 қараша – Әзірбайжанда Ұлттық жандану күні.

612545
Ұлттық жандану күні

17 қараша – Әзірбайжанда Ұлттық жандану күні.

Әзірбайжанды тәуелсіздікке жеткізген алғашқы қадам басылған күні ұлттық жандану күні деп атап өтіледі.

1988 жылы Кеңес Одағы ыдырайын деп тұрған кезде абыройынан айрылған Кремль әкімшілігі Арменияның Әзірбайжан түріктеріне жасаған зұлымдығына үнсіз қалды.  Арменияда өмір сүретін 200 мыңнан астам Әзірбайжан түркі ел-жұртынан айдалды.

Армяндар сол жылы Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағына шабуылдап бастады. 

Әзірбайжан халқы зұлымдыққа тоқтау болу үшін алаңдарға шықты.  17 қараша күні Бакуде Азаттық алаңында болған митингке жүз мыңдаған адам қатысты. 17 күндік осы тойтарыс Кеңес Одағы тарихындағы ең ірі топтық әрекет ретінде жазылып қалды.

Әзірбайжан халқының осы тойтарысы Кеңес Одағы тарапынан қанды түрде бастырылса да,  Әзірбайжанды тәуелсіздікке апарар жолдың бастауы болды.

1992 жылдан бері 17 қараша күні елде Ұлттық Жандану күні ретінде тойланып келеді.



Ұқсас жаңалықтар