Ел тәуелсіздігіне - естелік ақшалар

ҚР Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап естелік ақша бастырды.

611019
Ел тәуелсіздігіне - естелік ақшалар

Қазақстан Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап үстінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті орын алған 10 мың теңгелік купюра бастырды.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл: Ұлттық валюта» атты конференцияда жаңа естелік ақшаларын таныстырды.

Ақышев: «Тәуелсіздік тарихы Елбасының жеке басымен тікелей байланысты. Сондықтан да Ұлттық Банк Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Президентіміздің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін мерейтойлық банкнотты ұсынып отыр» деді.

Естелік ақшалар Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілетін 1 желтоқсан күні айналымға шығады.



Ұқсас жаңалықтар