Қырғыз Президенті Атамбаев науқастанып қалды

Президент Атамбаев Стамбулда ұшаққа мінер алдында науқастанды.

573484
Қырғыз Президенті Атамбаев науқастанып қалды

 

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Стамбул арқылы Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі жиналысына қатыспақшы болған. Президент Атамбаев Стамбулда ұшаққа мінер алдында науқастанды.

Ататүрік Әуежайында Нью-Йоркқа аттанар алдында кеудесі қысылып  ауырған Атамбаевке дәрігерлер жедел медициналық тексеруден өтуі керектігін айтты.

Ауруханаға апарылған Атамбаев егжей-тегжейлі медициналық тексеруден өтеді және бір мезгіл дәрігерлердің қарауында болады. 

АКИpress хабар агенттігінің Президенттік баспасөз орталығына негізделген хабарға қарағанда Президент Алмаз Атамбаев бір мезгіл Түркияда болады.

Атамбаевтің орнына Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі жиналысының 71-ші сессиясына қатысады. 



Ұқсас жаңалықтар