ІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына қызығушылық мол

Ойындар аясында түрік спортшылар да жарысуда.

566868
ІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына қызығушылық мол
Etno festivali, dünya göçebe oyunları, kırgızistan.jpg
Etno festivali, dünya göçebe oyunları, kırgızistan.jpg
Etno festivali, dünya göçebe oyunları, kırgızistan.jpg

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясындағы Этно фестивальде дәстүрлі ойындар мен сайыстар жалғасуда.

Елдің солтүстігіндегі Шолпан-Ата қаласына 40 км қашықтықтағы Кырчын жайлауындағы фестивальде аңшылық, садақ ату,  ат жарыс және тайган жарыстары болып өтті.

Жайлауда фестиваль үшін дәстүрлі қала қалыптастырылды. Түркиядан келген спортшылар да садақ ату жарысына қатысты. Сайыстарды шетелдерден келген қонақтар қызыға тамашалады.

Садақ атуда іріктеу турлары аяқталғаннан кейін бүгін ақтық сайыс ұйымдастырылады.  Артынан марапат рәсімі өткізіледі.

Дәстүрлі спорт саласында бақ сынаған түрік спортшылардың капитаны Кайсери Ат үстінде садақ ату спорттық клубының басшысы Сами Генел Анадолы Агенттігіне берген сұхбатында кеше аттарды таңдағандарын, спортшылармен танысқандарын,  бүгін де сайысқандарын айтты.

Қырғызстан Аңшылық федерациясы басшысы Алмазбек Акунов садақ ату, бүркіт салу, құс ұшыру және тазы сайыстарына қатысу үшін 16 елден 160 спортшы қатысып отырғанын,  барлығы 18 медаль берілетінін атап көрсетті.

Жасыл жайлаудың таза ауасы, көркем табиғат, асқар таулар спортшылардың психологиясына да жақсы әсер етті. Бұл да мені қуанышқа бөледі» деді ол.

Осы арада түрік спортшылар Шолпан-Ата ипподромында ат сайысында бақ сынайды.



Ұқсас жаңалықтар