Иран президенті Илхам Алиевпен кездесті

Рухани Ресей, Әзірбайжан және Иран мемлекет басшылары саммиті үшін Бакуге барды.

546863
Иран президенті  Илхам Алиевпен кездесті

Иран президенті Хасан Рухани Әзірбайжанда президент Илхам Алиевпен кездесті.

Рухани Ресей, Әзірбайжан және Иран мемлекет басшылары саммиті үшін Бакуге барды.

Алиев пен Рухани екі жақты және делегация аралық кездесулерден кейін баспасөз алдына шықты. осында сөз сөйлеген Алиев Әзірбайжан мен Иран арасында мықты негізде құрылған қатынастардың күн сайын нығайып отырғанын айтты.

Екі елдің халықаралық органда да тығыз ынтымақтастықта екенін, бір біріне қолдау бергенін білдірген Алиев: «Біз әрқашан Иранға жүргізілген эмбаргоға қарсы шықтық. Енді эмбаргоның кеткеніне қуаныштымыз.  Иран да Әзірбайжанның территория тұтастығын, Таулы Қарабах проблемасында Әзірбайжанның ұстанымын қолдайды» деді.

Алиев Таулы Қарабах проблемасының шешілуі үшін Армения армиясының басып алған жерлерінен кетуі керектігін атап көрсетті.

Иран президенті Хасан Рухани болса ортақ тарих пен мәдениеті бар екі ел арасындағы қатынастың жылдам дамуда екенін айтты. 

Каспий теңізіне жағалаулас елдердің ынтымақтастығына назар аударған Рухани екі ел арасында туризм мен әуе жолы қатынасының жетілдірілуі керектігін атап көрсетті.

Рухани сонымен бірге елінің Таулы Қарабах проблемасының шешілуі үшін жүргізілген келіссөзге қолдау беретінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар