Джамаладан Түркияға қолдау келді

Татар қызы Стамбулда концерт береді.

544866
Джамаладан Түркияға қолдау келді
eurovision birinci jamala'dan destek1.jpg

Eurovision Ән байқауында «1944» атты әнімен бірінші орын алған Қырым татар қызы Джамала түрік халқының 15 шілде күні төңкеріс әрекеті барысында жас демей, қария демей бір мақсат үшін көшеге шығуын мақтан тұтатынын білдірді.

Джамала Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекетіне наразылық ретінде әлеуметтік желіден түрік тілінде мәлімдеме жасады.

Түркияда 15 шілде күні болған оқиғаның өзін қатты алаңдатқанын білдірген Джамала Стамбул мен Анкарадағы оқиғаларды қарап отырып, көздеріне сенбегенін айтты.

Сол кезде ешкімге зиян келмесін деп дұға қылғанын айтқан татар әнші түрік халқын қолдайтынын көрсету мақсатымен 17 тамызда Стамбулда концерт беретінін хабарлады.

Джамала сезімдерін былай білдірді: «Түркияда барлығы қалпына енсін деп тілеймін.  Сізді жақсы көремін, Түркия! Мені күтіңдер»



Ұқсас жаңалықтар