Айтматов еске алынды

Айтматовтың күмбезіне гүл шоқтарын қойып,  құрметпен еске алған жұртшылық дұға қылып, Құран оқыды.

509750
Айтматов еске алынды

Қырғыз халқының даусы болған,  әлем әдебиетінің ең маңызды қаламгерлері қатарына енген Шыңғыс Айтматов үшін еске алу рәсімі өткізілді. Қайтыс болғанына 8 жыл толғанда Ата-Бейіт комплексіндегі рәсімге Айтматов отбасының мүшелері мен шығармашылық әлемінің өкілдері қатысты.

Айтматовтың күмбезіне гүл шоқтарын қойып,  құрметпен еске алған жұртшылық дұға қылып, Құран оқыды.

Қабірі басындағы еске алудан кейін Қырғыз Ғылым академиясы Айтматов Тіл және әдебиет институты еске алу жиналысын өткізді.  Жиналыста Айтматовтың шығармалары бір фильм арқылы көрсетілді.  Артынан ғалымдар ұлы қаламгер жөніндегі естеліктерімен бөлісті.

Шыңғыс Айтматовты еске алу шаралары ел көлемінде бір апта бойы жалғасады.  Айтматов мұражайында да түрлі шаралар мен жиындар өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар