Әзірбайжан мен Армения келісті

Алиев пен Саркисян түбегейлі шешім үшін келіссөз бастауға келісті.

492252
Әзірбайжан мен Армения келісті

Әзірбайжан мен Армения Таулы Қарабах проблемасына түбегейлі шешім табу мақсатымен маусым айында келіссөз үдерісін бастайды.

Екі елдің президенттері Австрияның бас қаласы Венада өткен «Таулы Қарабах» атты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жиналысында кездесті.

Венадағы жиналыста Әзірбайжан президенті Илхам Алиев пен Армения президенті Серж Саркисян Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобы тең төрағалары – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров,  Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Францияның Еуропа істеріне жауапты министрі Гарлем Десирмен бас қосты.

Алиев пен Саркисян түбегейлі шешім үшін келіссөз бастауға келісті.

Әзірбайжан мен Армения президенттері қақтығыстардың арту рискін азайту мақсатымен ЕҚЫҰ тексеру механизмінің ең қысқа уақытта нәтижеленуі үшін де келісті.

Кездесуде ЕҚЫҰ кезекті төрағалығы арнайы өкіл кеңсесінің кеңейтілуі,  Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қолдауында жоғалып кеткен азаматтар жөнінде мәлімет бөлісудің жалғастырылуына да шешім қабылданды.

1988-1994 жылдар арасында болған Таулы Қарабах соғысы Әзірбайжан жерінің 20 пайызының Армения тарапынан басып алынуымен аяқталған болатын.

Соғыстан кейін Армениядан 200 мың,  Таулы Қарабахтан 1 миллион Әзірбайжан азаматы бүгінгі Әзірбайжанға көшуге мәжбүр болды.

Таулы Қарабахта атысты тоқтату бітімі жарияланған 1994 жылдың 5 мамыр күнінен бері осы мәселеге шешім ізделіп жатыр. Әзірбайжан мен Армения күштері арасындағы бітім өткен ай қайтадан бұзылды.



Ұқсас жаңалықтар